"Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты

 Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2005 жылы құрылған болатын. Мәдениет саласы – елімізде болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтардың алдыңғы легінде жүретін, мемлекеттің дамуына бірден-бір ықпалын тигізетін күрделі саланың бірі.жұмысы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, өңірлік бағдарламаларды, жоспарларды іске асыру, мәдениет саласын дамыту, оның материалдық-техникалық базасын нығайту, мәдени-сауық қызметін жетілдіру, кәсіби және өнерпаздық шығармашылықты дамытуға бағытталғандықтан үстіміздегі жылы көптеген игі істер жүзеге асырылды. «Ұлытау үні» аймақтық фестивалі, «Жезқазғанның сөнбес жұлдыздары», «Жезқазғанның жұпар қымызы», «Көңілді әуен кештері» атты қызықты шығармашылық жобалар, «Қазақстан-достық мекені», «Үміттің алқызыл желкені» атты фестивальдар, «Әнші балапан», «Күміс қоңырау», «Жұлдыз», жыршы, термешілер сайыстары, ақындар айтысы өткізілді.
2009 жылы мемлекеттік мәдениет және өнер мекемелерінің саны 3 бірлікке көбейіп, Қорғанбай, Кеңгір ауылдарында кітапхана және клуб филиалдары ашылды, қазіргі таңда 20 мәдениет мекемесі халыққа мәдени қызмет көрсетеді.
Қала әкімдігінің қолдауымен мәдениет және өнер мекемелеріне материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. 2008 жылы – 125 000 000 теңге, 2009 жылы –180 503 000 теңге бөлінді, оның ішінде мәдениет нысандарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін – 4 141 650 теңге, қала кітапханаларының кітап қорын толықтыруға және мерзімді басылымдарға жазылуға 6 122, 4 теңге, электр желілерін жөндеу үшін 120 000 теңге бөлінді.
 «Жол картасы» жобасы аясында 11 мәдениет және өнер мекемелеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол үшін 80 908 838 теңге бөлінді.
Мәдени қызмет көрсету рыногында бәсекеге қабылеттілікті арттырудың маңызды факторларының бірі кадрлық потенциалды калыптастыру болып табылады. Сондықтан табиғи таланттарға, өнерлерімен өмірімізді гүлдендіруге, жан дүниемізді баютуға үлес қосып жүрген шығармашыл тұлғаларға жан-жақты көмек көрсетіліп отырады.
Серке Қожамқұлов атындағы қазақ сазды-драма театрыныңкөркемдік жетекшісі Досжан Жанботаев 2009 жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағын алды және Қарағанды қаласында өткен 17 театрлар фестивалінде К. Ахметовтың шығармасы желісінде «Қанда бар ғой, қанда» атты қойылымындағы Байсал ролін сомдағаны үшін «Үздік ер ролі» номинациясын иеленді. Тарихи-археологиялық музейінің директоры Зинаида Чумакова 2009 жылы Гавриил Державин атындағы әдеби сыйлықты иеленіп, орденмен марапатталды, Ресей Жазушылар Одағының мүшелігіне өтті. «Нұрсаулемай» үлгілі би ансамблі (жетекшісі Меруерт Жараспаева) Испанияда және Туркия мемлекеттерінде өткен халықаралық сайыстарда екі дүркін Бас жүлдені жеңіп алып, Қазақстанның абыройын асқақтатты.
«Дала даусы» хор ұжымы 2009 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Жұбанов көктемі-2009» халықаралық фестивалінде І орынға ие болды. Қаланың өнерпаздары мен көркемөнерпаздық ұжымдары 20-ға тарта облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды, бұл іс-шараға 4 567 000 теңге жұмсалды.
Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған мемлекеттік филармониясында 5 шығармашылық топ жұмыс істейді. Филармония артистері Қарттар үйі, «Үміт» балалар үйі, бейімдеу орталығында қайырымдылық концерттерін қоюды дәстүрге айналдырған.
  Тарихи-археологиялық музейде «Тарих тұғырында», «Есімдері көшеге берілген тұлғалар» атты жобаның тұсаукесері жасалып, табысты аяқталды, «Ілгерілеу. Серпіліс. Жаңару» атты арнайы жарнамалық жоба жүзеге асырылып, оның аясында біздің өңірдегі алдыңғы қатарлы және әлеуметтік маңызы бар 50 кәсіпорын жайлы баяндалатын көрмелер циклі жүргізілді. Музей қорында 30 мыңнан астам жәдігерлер бар.
   Халықтар достығы мен мәдениет Үйі халыққа мәдениет–сауық қызмет көрсетудің бірден – бір орталығы болып табылады. Мұнда жылына әр түрлі тақырыптағы 300-ден аса мәдени іс-шаралар өткізіледі, көркемөнерпаздар мен шығармашылық бірлестіктерді дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.
Мәдениеттің, білім мен әдебиеттің орталығы, ақпараттық-ағарту ошағы кітапханалар болып табылады.
Қаламызда 11 кітапхана бар, заманауи талабына сай интернет жүйелеріне қосылып, автоматтандырылған кітапханаларда оқырмандарға қызмет көрсетудің өркениеттілігі дамуда.
        С.Сейфуллин атындағы кітапханада «Арман қала - Астана» атты электрондық танымдық жобасы, «Қарашаңырақ, Қарсақбайым,...» атты СD-ROM, «Кітапхана-даналық мектебі», «Жер кіндігі - Жезқазған», «Ұлылардың табаны тиген Ұлытау» атты электрондық – танымдық жобалар, слайдтар шығарылды.              
Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Рунас Лариса Қарағанды қаласында мемлекетаралық (Ресей, Қазақстан, Украина) тікелей байланыспен өткен «Жас кітапханашы болу оңай ма?»,атты бейне интернет конференциясына қатысу құрметіне ие болды.
Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту мақсатында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2009 жылға арналған бағдарламасы жүзеге асырылды. Бағдарламаға қала бюджетінен 3 573 000 теңге бөлінді. Оның ішінде «Тілтану» әдістемелік – оқу орталығының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында 189 000 теңгеге маркерлі тақта, кесу аппараты, кеңсе тауарлары, ағылшын тілін оқыту үшін оқулықтар алынды. Қазақ тілін оқыту курсының 2 бастауыш тобына 33 тіл үйренушілер қамтылды, алғаш рет ағылшын тілін оқыту курсы ашылды.
Меншік нысанына қарамастан қаладағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарына үнемі бақылау жүргізіліп отырады. Есеп беру кезеңінде 10 рейд жүргізіліп, 25 нысан қамтылды. Ай сайынғы мониторинг қорытындысы бойынша қала мекемелерінде кіріс-шығыс құжаттарының мемлекеттік тілде жүргізілуі, хат алмасу, құжатайналым 100%-ды құрайды. Бағдарлама аясында «Қазақ тілінің болашағы – жастардың қолында» атты дөңгелек үстел, «Ұлытаудың қос перзенті» атты жас ақындар мен прозаиктер конкурсы, ұлттық-мәдени орталықтары мен диаспоралар өкілдерінің қатысуымен «Тіл-татулық тірегі» атты фестиваль-конкурс т.б. 15-ке тарта іс-шара жүзеге асырылып, 1 178 000 теңге жұмсалды.
Осының барлығы қазіргі қоғамдағы мәдени өмірдің маңызы артқандығын көрсетіп, сала қызметкерлерінің алдына жұмыстың тәсілдерін жетілдіруде, халқымыздың биік руханиятын, озық мәдениетін танытуда жаңа міндеттер мен мақсаттар қояды.


пошталық мекенжай: Қарағанды облысы, 100600, Жезқазған қаласы Алаш алаңы 1, №704 каб

электрондық поштаның мекенжайы: Tiltanu@list.ru  www.zhez_kultura@krg.gov.kz

Анықтама қызметінің телефондары: 73-40-32. 73-61-13

Қабылдау күндері: Сейсенбі: 15:00-16:00, Бейсенбі: 15:00-16:00.

Новости
«Ақсақ құлан». Кетбұқа би атындағы І халықаралық күйшілер конкурсы  
15 мая 2019
Жалпы ережелер   Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Жезқазған қаласының әкімдігі, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айында Қарағанды облысы, Жезқа...
Құрметті жезқазғандықтар және қала тұрғындары!
25 апреля 2019
Сіздерді 03.05.2019ж. Жеңіс Күніне және Кеңес Одағының Батыры Нұркен Әбдіровтың туғанына 100 жыл толуына арналған ХХІХ облыстық «Ардагерлер ән салады» еңбек ардагерлері хор ұжымдарының фестивалін тамашалауға шақырамыз. Фестивальге Қарағанды облысы...
«Өнер өлкесінің Жезкиігі» Жақсыкелді Сейілов атындағы республикалық әншілер конкурсында орындалатын әндер
18 апреля 2019
АНА ТУРАЛЫ БАЛЛАДА   Әні Ж.Сейіловтікі,  сөзі А.Шәмкеновтікі   Әлі есімде, біледі жұрт, біледі, Ел басына қатер төнген жыл еді. Қимастарын қан майданға ұзатып, Қарс айрылған аналардың жүрегі.   Қайырмасы: О, аналар, осындайсың бәріңде, Осы...
Сауапты істен құр қалмады
27 марта 2019
Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Түнерген көктің қабағы ашылып, тау еңсесін тіктеп, дала бауырын жазып, сай-сала, бөктер-белді жылымық аралап, ауыл, қаланың аулалары мен көшелеріне көктем хабары жетіп, Жаңа күн де жетті. Жезқазған қаласының мәдениет және...
Недавно опубликовано
15 мая ГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТ НА 2019-2021 ГОДЫ. 2
Бюджет
19 апреля «Өнер өлкесінің Жезкиігі» Жақсыкелді Сейілов атындағы республикалық әншілер конкурсында орындалатын әндер
Ақпарат
27 марта «Ұлытау үні» фестивалі көрерменімен ХХІХ рет жүздесті
Мероприятия
11 февраля "Ұлытау үні" фестиваль
Мероприятия
1 февраля ХХІХ  аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі аясында Жезқазған қаласының 65 жылдығына орай өткізілетін «Жез далам, жез қалам – Жезқазған» атты жас ақындар мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ
Мероприятия
1 февраля Жастар жылы және Жезқазған қаласының 65 жылдығына  арналған халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің аймақтық XXІХ «Ұлытау үні» фестивалі аясында өтетін “Жұлдыз – 2019” жастардың эстрадалық ән байқауының ЕРЕЖЕСІ
Мероприятия
4 января ГРАЖДАНСКИЙ БЮДЖЕТ НА 2019-2021 ГОДЫ
Бюджет
26 июля «Сиқырлы гитар тілінде» атты аймақтық авторлық және бардтық әндер фестивалін өткізу бойынша ЕРЕЖЕ
Мероприятия2018
4 июля Гражданский бюджет
Бюджет
16 августа «ӨНЕР ӨЛКЕСІНІҢ «ЖЕЗКИІГІ» атты Жақсыкелді Сейілов атындағы І облыстық әншілер конкурсының ШАРТТАРЫ
Мероприятия2018
14 июня Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Ақпарат
12 мая Ұлытау үні фестивалінің БАҒДАРЛАМАСЫ
Мероприятия2018
26 апреля Халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің XXVII аймақтық «Ұлытау үні» фестивалінің БАҒДАРЛАМАСЫ
Мероприятия2018
24 апреля Ұлытау үні фестивалінің бағдарламасы
Мероприятия2018
17 февраля Слайды
Есептер
Басшы
Нұрлыбаева Салтанат Сүлейменқызы