"Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат мемлекеттік әкімшілік лауазымының санатына біліктілік талаптар

мемлекеттік әкімшілік лауазымының санатына біліктілік талаптар

Опубликовано: 19 февраля 2016

«Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының

санаттарына біліктілік талаптары

 

«Мәдени-демалыс қызметтерін сараптау, мониторингтеу және

ұйымдастырушылық  мәселелері бойынша сектор меңгерушісі»

мемлекеттік әкімшілік лауазымының санатына біліктілік талаптары, санаты E-R-3, № 01-1

1 бірлік

 

Шарты

Талаптары

Білімі

       Іс тәжірибесі болған жағдайда жоғары филология, тарих, мәдениет, өнер мамандықтары бойынша білім.

Кәсіби құзыреті

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарын,  «Мемлекеттік қызмет туралы»,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын. 

         «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі, «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін.

        Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті  білімдер.

Іс тәжірибесі

         Іс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
2) мәдениет, тілдерді дамыту облыстарында үш жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
4) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Компьютерде жұмыс істей білуі.

Функционалдық міндеттері

           Мекемелердің мәдени-демалыс және мониторингтеу жұмыстарының негізгі көрсеткіштерін жоспарлау, талдауға байланысты  кешенді жұмыстар атқару. Жиынтық есептер жасау. Демалыс саласын дамыту,  халықтың әр түрлі бөлігімен мәдени-демалыс жұмыстарының жан-жақты өтуін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. Көпшілікті тарихи және мәдени ескерткіштерді насихаттау және қолдану шараларын өткізуге тарту жұмыстарын ұйымдастыру. Меншік түріне қарамастан мекемелердің тарихи және мәдени ескерткіштерге қамқорлық жасауын ұйымдастыру, өзіне жетекшілік жасау мәселелері бойынша жоғарғы ұйымдардың тапсырмаларын орындау. Мәдениет және демалыс саябақтардың қызметтерін үйлестіру және мұражайлармен, көрме залымен, театрмен қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мемлекеттік және қоғамдық  құрылымдарға тарихи-мәдени құндылықтарды насихаттау және қолдануда көмек көрсету. Кадрлық құжаттардың жүргізілуін бақылау, кадрлардың құрамы және ауысуы туралы статистикалық есептерді дайындау. Бөлім қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу, мәдениет қызметкерлерінің оқуын, қайта дайындықтан өтуін (қайта мамандандыру немесе біліктілігін арттыру), аттестацияларын ұйымдастыруды қадағалау. Құқықтық білім беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мониторингтеу және ақпараттық-аналитикалық жұмыстар әдісінің нысандарын жасай білу. Электронды құжатайналым бойынша жұмыс жүргізу. Іс жүргізудің негізін білу.  

 

 

 

 

«Халық шығармашылығы, клуб және кітапхана ісі бойынша бас маман»

мемлекеттік әкімшілік лауазымының санатына біліктілік талаптар, санаты E-R-4, № 01-1-1

1 бірлік

 

Шарты

Талаптары

Білімі

        Мәдениет және өнер, филология, кітапхана ісі мамандықтары бойынша жоғары білім. Іс тәжірибесі болған жағдайда кітапхана ісі мамандығы бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Кәсіби құзыреті

        Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңдарын.

         «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін.

        Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті  білімдер.

Іс тәжірибесі

        Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе мәдениет, өнер және педагогика облыстарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Компьютерде жұмыс істей білуі.

Функционалдық міндеттері

        Көпшіліктің демалыс орындарында халыққа мәдени қызмет көрсету аясында мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастыру. Халық шығармашылығын, өнерін, шығармашылық кәсіпшілігін, қолөнер, фольклорын қайта жаңғырту және дамыту. Көркемөнерпаздар ұжымдары, «халықтық» атағы бар ұжымдардың жұмыстарын үйлестіру. Ведомостволық мекемеге қарасты кітапханалардың қызметін үйлестіру. Кітапханаға, клуб мекемелеріне әдістемелік көмек көрсету. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша жоғары тұрған ұйымдардың тапсырмаларын орындау. Ақпараттық – аналитикалық жұмыс, мониторинг негіздерін игеру. Электронды құжатайналым бойынша жұмыс жүргізу. Іс жүргізудің негізін білу.

 

 

«Тілдерді дамыту және үйлестіру бойынша бас маман»

мемлекеттік әкімшілік лауазымының санатына біліктілік талаптар, санаты E-R-4, № 01-1-2

1 бірлік

 

Шарты

Талаптары

Білімі

        Қазақ тілі мен әдебиеті, аударма ісі мамандықтары бойынша жоғары педагогикалық білім. Іс тәжірибесі болған жағдайда аударма ісі мамандығы бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 

Кәсіби

құзыреті

        Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңдарын.

         «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін.

        Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті  білімдер.

Іс тәжірибесі

        Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе педагогика және аударма ісі облыстарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Компьютерде жұмыс істей білуі.

Функционалдық міндеттері

        Мемлекеттік тіл саясатын, тілдерді дамытудың қалалық бағдарламасын жүзеге асыру. Тіл саясатына талдау жасау, оны іске асырудың тиімді механизмін әзірлеу. Меншік нысанына қарамастан қаладағы ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жұмыстарын үйлестіру. Әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың тілін, ұлттық салт-дәстүрлерін  дамыту, олардың мәдениетін сақтау бойынша жұмыстар атқару. Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарына тілдердің қолдануы мен дамуының қалалық бағдарламасын орындауға әдістемелік және іс жүзінде көмек көрсету. Ономастикалық жұмыстарды үйлестіру бойынша жұмыс жүргізу және ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету. Ономастикалық объектілердің атауларын реттеу мәселелері бойынша материалдар дайындау. Ақпараттар, есептер, анықтамалар  әзірлеу, құжаттар дайындау, жетекшілік ететін мәселелер бойынша жоғарғы ұйымдардың тапсырмаларын орындау. Мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру. Ұлттық-мәдени орталықтары, ұлттық диаспораларымен қарым-қатынасты жүзеге асыру. Электронды құжатайналым бойынша жұмыс жүргізу. Іс жүргізудің негізін білу.

 

 

«Ақпараттық - аналитикалық жұмыс және құқық мәселелері бойынша бас маман» мемлекеттік әкімшілік лауазымының санатына біліктілік талаптар, санаты E-R-4, № 01-1-3

1 бірлік

 

Шарты

Талаптары

Білімі

Заңгер мамандығы бойынша жоғары білім. Іс тәжірибесі болған жағдайда заңгер мамандығы бойынша ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. 

Кәсіби

құзыреті

        Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңдарын.

         «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін.

        Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті  білімдер.

Іс тәжірибесі

        Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе педагогика және аударма ісі облыстарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Компьютерде жұмыс істей білуі.

Функционалдық міндеттері

    Мәдениет және өнерді қолдау және дамытумен байланысты сонымен қатар, жоспарлау, жұмыстың негізі көрсеткіштерін сараптау және стратегиялық жоспарлау бойынша, инвестициялық жобалар бойынша кешенді жұмыстарды орындау, жаңа технологияларды енгізу және қадағалау. Қазақстан Республикасының заңнамаларын қолдана отырып, азаматтардың өтініштері бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша экономикалық, әкімшілік, қалалық соттарға қатысу. Әкімшілік хаттамаларды тіркеуден өткізуге әзірлеу және сотқа беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттарды құру және орындалысын қадағалау. Құқықтық білім беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Ақпараттық - аналитикалық жұмыстардың әдіс-тәсілдерін меңгеру. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша тапсырмаларды орындау. Мәдени-көпшілік шараларды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу бойынша веб-порталда, есептіліктің барлық түрінің кешенді жұмыстарын жүргізу. Электронды қызмет көрсету. Бөлімнің стратегиялық жоспарын жиынтықтау. Электронды құжатайналым бойынша жұмыс жүргізу. Іс жүргізудің негізін білу.