ГУ "Отдел культуры и развития языков"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Мероприятия Архив 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне
Опубликовано: 25 декабря 2013
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Халықтар Достығы мен мәдениет Үйінде салтанатты кеш өтті. Халқымыз үшін тарих сыйындай болған Тәуелсіздік мерекесінде сахнаға Қазақстан Республикасының туы әкелініп, гимні ойналды.
Жезқазған қаласының әкімі С.Ж. Шайдаров құттықтау сөз сөйлеп, Жезқазған қаласына еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды марапаттады. Мерекелік концерттің шымылдығын Т. Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясының жанынан жаңадан құрылған, сол күні тұсауы кесілген «Жәдігер» фольклорлық ансамблі әнімен ашты. Кеш барысында               Серке Қожамқұлов атындағы театр әртістерінің «Алаш арыстары», батыр ағамыз Қасым жайлы, 1986 жылы желтоқсан айында көтеріліске шыққан желтоқсандықтар жайлы көріністер қойылып, жиналған жұрттың көзіне бір мезет жас келді. Әрі қарай, концерт Тәуелсіз еліміз, Елордамыз жайлы көріністермен жалғасты. Мерекелік кеш концерт Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әдемі дауысымен Алашының аяулысына айналған Алтынай Жорабаеваның концертіне ұласып, Қ.Р-ның еңбек сіңірген әртісі Береке Көшеновтің орындауындағы «Жезқазған маршы» әнімен, мерекелік отшашумен аяқталды.