ГУ "Отдел культуры и развития языков"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Мероприятия Архив 11 желтоқсан күні Кеңгір ауыл клубының ашылу салтанаты өтті
Опубликовано: 25 декабря 2013

 11 желтоқсан күні Кеңгір ауыл клубының ашылу салтанаты өтті. Бұл күн Кеңгір ауылының тұрғындары үшін айтулы күн болды. Айта кететін болсақ, «Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы» аясында Кеңгір ауыл клубының күрделі жөндеу жұмыстарына 54 млн. теңге қаржы бөлініп, клуб ғимараты күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Жезқазған қаласының әкімі С.Ж. Шайдаров ауыл тұрғындарын айтулы қуаныштарымен құттықтап сөз сөйледі. Барша ауылдың мерекесіне айналған бұл қуаныш Тайжан  Қалмағамбетов атындағы филармония әртістерінің, қаланың көркемөнерпаздар ұжымының концертімен жалғасын тапты.