ГУ "Отдел культуры и развития языков"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Мероприятия 2018 «ӨНЕР ӨЛКЕСІНІҢ «ЖЕЗКИІГІ» атты Жақсыкелді Сейілов атындағы І облыстық әншілер конкурсының ШАРТТАРЫ

«ӨНЕР ӨЛКЕСІНІҢ «ЖЕЗКИІГІ» атты Жақсыкелді Сейілов атындағы І облыстық әншілер конкурсының ШАРТТАРЫ

Опубликовано: 16 августа 2017 . Обновлено: 17 августа 2017

               Қасиетті ұлы дала үнінен қуат алып, әсем әндерімен тыңдарман жұртына шуақ берген әнші-сазгердің шығармашылығы - ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас дара құбылыс. Осы киелі мұраны кеңінен, тереңінен насихаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарымызды өнердің кәусәр бұлағынан нәр алғызып, шеберлілігін шыңдауға ықпал ету, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Жеқазқазған қаласының әкімдігінің қолдауымен Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «ӨНЕР ӨЛКЕСІНІҢ «ЖЕЗКИІГІ» атты Жақсыкелді Сейлов атындағы І облыстық әншілер конкурсын (әрі қарай - Конкурс) өткізеді.

Конкурс 2017 жылдың 22-23 қыркүйегінде Жезқазған қаласында өткізіледі. Конкурсқа Қарағанды облысында тұратын 18 бен 40 жас аралығындағы жеке әншілер ғана қатыса алады.

Екі кезеңнен тұратын конкурс көрермен алдында өтеді. Конкурс шарты бойынша алдын-ала белгіленген шығармалар тізімін өзгерте алмайды.

Конкурстың қазылар алқасының құрамына республикаға, аймаққа, облысқа танымал өнер қайраткерлері шақырылады.  Қазылар алқасының қорытынды шешімі талқылануға, қайтадан қаралуға түспейді.

Қазылар алқасы тарапынан әннің толық орындалуы немесе тоқтатылуы (үміткердің ән орындау әлеуеті белгілі болған жағдайда жартылай орындалу, екі әнмен шектеу) мүмкін. Қазылар алқасы барлық сыйлықтарды тағайындамауға, бір сыйлықты бөлуге құқылы.

Конкурс жеңімпаздарына төмендегідей жүлделер тағайындалады.

 Конкурсқа қатысу үшін  қалалық  және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, мәдениет және өнер мекемелері көркемдік кеңестерінің, шығармашыл ұжымдардың ұсыныстары болуы қажет.

Ұсыныстарға төмендегідей құжаттар қоса беріледі:

Конкурсқа қатысушылардың өтініштері мына мекен-жайда қабылданады: Жезқазған қаласы, Алаш  алаңы, 1 , 7 қабат, 712-713 каб.  «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ. Байланыс телефондары: 8(7102) 734032; 736113. e-mail: tiltanu@list.ru .

Сайт адресі: http://culture.jezkazgan.gov.kz

Конкурсқа облыстың  қалалары мен  аудандарынан қатысатын үміткерлер  (жеке әншілер) саны шектелмейді.

Конкурсқа қатысушылардың іссапар шығындары (жатын орны, тамақтану, жол және т.б.) жіберуші жақ тарапынан өтеледі.

Үміткерлердің әр кезеңдегі өнер көрсетулері төмендегідей тәртіп бойынша өткізіледі. Әндер алдын-ала жазылған минус /-1/, немесе аспаптық, /фольклорлық, эстрадалык/ ансамбльдің сүйемелдеуімен табиғи-жанды дауыста орындалады.

І кезең
1. Бірінші ән үміткердің өз таңдауы бойынша (еркін тақырыпта)

  1. Екінші ән Жақсыкелді Сейловтың «Неге солай», «Бейбітшілік таңы», «Жез киік» әндері (қалауы бойынша)

ІІ кезең
1. Жеребе тартылу бойынша тізімде көрсетілген Жақсыкелді Сейловтың  бір әні орындалады.

Әндердің тізімі:

  1. «Ұлытау»
  2. «Кездесу»
  3. «Ана туралы баллада»
  4. «Әке туралы ой»
  5. «Достық сағынышы»

 

Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі