ГУ "Отдел культуры и развития языков"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Мероприятия Жастар жылы және Жезқазған қаласының 65 жылдығына  арналған халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің аймақтық XXІХ «Ұлытау үні» фестивалі аясында өтетін “Жұлдыз – 2019” жастардың эстрадалық ән байқауының ЕРЕЖЕСІ

Жастар жылы және Жезқазған қаласының 65 жылдығына  арналған халық шығармашылығы мен көркемөнерпаздар өнерінің аймақтық XXІХ «Ұлытау үні» фестивалі аясында өтетін “Жұлдыз – 2019” жастардың эстрадалық ән байқауының ЕРЕЖЕСІ

Опубликовано: 01 февраля 2019

Байқаудың мақсаты:                                                                                                           

    Қазақстан     халықтарының  ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін жаңғырту, сақтау және дамыту, мемлекеттік тілді дамыту, жастарды патриоттыққа баулу, ұлттардың рухани бірігуі мен қоғамдық  жаңару процестерін нығайту, дарынды орындаушыларды анықтау.

 

Өткізу тәртібі мен шарттары:

Байқауға 16-29 жас аралығындағы жеке эстрада  әншілері қатыса алады.

Байқау екі кезеңде өтеді.

1-ші кезең  – іріктеу кезеңі Жезқазғандық өнерпаздар үшін 2019 жылдың  ақпан айының 16 жұлдызы  күні сағат 11:00-де Жезқазған қаласының  халықтар достығы мен мәдениет үйінде, ал басқа өнерпаздар үшін жергілікті жерлерінде өтеді.

Қорытынды дайындық – 2019 жылдың 16 ақпанында сағат 14:30-де Жезқазған қаласы Халықтар достығы мен мәдениет үйінде өтеді.

2-ші қорытынды кезең (байқау)-2019 жылдың 20 ақпанда сағат 11.00-де Халықтар достығы мен мәдениет үйінде өтеді.

Қорытынды кезеңге Жезқазған қаласынан-10, Сәтпаев қаласынан-5 , Қаражал-Жайрем қаласынан-2, Ұлытау ауданынан-5, Шет ауданынан-2, Жаңарқа  ауданынан-2  үміткерден қатысады.

Әндер     фонограмма  (-1) мини-дискіге немесе флешкамен қабылданады. Қатысушылар 2 ән дайындауы қажет: 1-ші ән тақырыптық, 2-ші ән еркін тақырыпта.

Тақырыбы: Жезқазған қаласының 65 жылдығы.

 

Байқауға қатысу ұсынысына мынадай құжаттар тіркеледі.

-Тууы туралы немесе жеке куәліктің көшірмесі.

- Өмірбаяны.

-Түрлі түсті 6х9 фото бейне.

-Байқауда орындайтын әндері, мини диск (-1)

 

Бағалау өлшемі:

- Орындаушылық  шеберлігі;

-Сахналық костюмі;

-Сахналық мәдениеті;

- Репертуардың сәйкестігі;

 

Ынталандыру:

Байқау қорытындысы бойынша;

-Бас жүлде

- Бір – Ι орын

- Екі - ΙΙ орын

- Екі – ΙΙΙ орын

- және номинанттар анықталады. 

 

Жеңімпаздар ұйымдастыру комитетінің дипломдарымен және фестивальді ұйымдастырушысы тағайындаған жүлде, сыйлықтарымен марапатталады.

Байқауға қатысу үшін тиісті құжаттар және өтініш  тапсырыс формасы бойынша 2019 жылдың 15 ақпанына  дейін Т.Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясында  қабылданады.

Мекенжайы: Жезқазған қаласы, Алаш ал. 3, 3 қабат, №3 кабинет.

Байланыс телефондары: 8(7102) 73-34-40; факс 73-54-39

Эл.почта: zhezfilarmoniya@mail.ru

 

Тапсырыс формасы:  

                  

Аты, жөні

Туған жылы

 

Оқу орыны

Репертуары

Мини

диск, флэшка

 

телефон

 

 

 

 

 

Жезқазған қаласының мәдениет

және тілдерді дамыту бөлімі.