ГУ "Отдел культуры и развития языков"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Мероприятия ХХІХ  аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі аясында Жезқазған қаласының 65 жылдығына орай өткізілетін «Жез далам, жез қалам – Жезқазған» атты жас ақындар мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

ХХІХ  аймақтық «Ұлытау үні» фестивалі аясында Жезқазған қаласының 65 жылдығына орай өткізілетін «Жез далам, жез қалам – Жезқазған» атты жас ақындар мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

Опубликовано: 01 февраля 2019

Ел өндірісінің даму тарихында өз орны бар, Қазақстанның түсті металлургиясының орталығы саналатын Жезқазған қаласының қала мәртебесін алғанына биыл 65 жыл толады. Осы оқиғаға орай Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Жез далам, жез қалам - Жезқазған» атты аймақтық жас ақындардың ашық мүшәйрасын жариялайды.

Мүшәйра 2019 жылдың 21 ақпан күні «Ұлытау үні» фестивалінің аясында  Жезқазған  қаласында  өтеді.

 

Мүшәйраның мақсаты

 

Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:

  1. Мүшәйраға 18-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады;

  2.Мүшәйраға шағын жанрдағы (өлең, толғау, баллада) поэзиялық шығармалар ұсынылады;

  1. Үміткер үш өлең ұсынуы шарт:
  1. Ұсынылған үш өлеңнің жалпы көлемі 5 беттен аспауы тиіс;
  2. Бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды;
  3. Мүшәйра шарттарына сай келмейтін шығармалар қатыстырылмайды, жарияланбайды;
  4. Байқауға ұсынылған шығармалар мынадай үлгіде компьютерде терілуі керек: Word, Times New Roman, кегль №14, аралық интервал 1.
  5. Автордың тегі, аты, жөні, шығарманың аты, жанры көрсетіледі.
  6. Ұсынылған шығармамен қоса өзі туралы қысқаша мәлімет, жеке куәлігінің көшірмесін, 9х12 фотосуретін, байланыс телефоны мен оқу, жұмыс орны туралы мәліметті, шығарманың қағазға басылған және электрондық нұсқасын қоса тапсыруы керек;

10.Үміткерлердің шығармалары 2019 жылдың 17 ақпанына дейін қабылданады;

11.Қабылданған шығармалар құрамында танымал ақын-жазушылар бар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Қазылар алқасының қорытынды мәжілісі Жезқазған қаласында өтіп, лайықты деген шығармалар марапаттауға ұсынылады;

  1. Марапаттау рәсіміне жүлдегерлер ғана шақырылады, іссапар шығыны өз есебінен;
  2. Қолжазба авторға қайтарылмайды, қазылар шешімі қайта қаралмайды;
  3. Мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді;

15.Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар беріледі.

Жүлделер:

1-орын (біреу) – 150 000 теңге;

2-орын (біреу) – 100 000 теңге;

3-орын (біреу) – 50 000 теңге;

Арнайы сыйлық (үшеу) – 25 000 теңгеден.

Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) – 15 000 теңгеден

 

  1. Байқау шартына сай келген шығармалардың жинағы шығарылады.

17.Мүшәйраға қатысушылардың өтініштері мына мекен-жайда қабылданады: Жезқазған қаласы, Алаш  алаңы, 1 , 5 қабат, 518 каб.  «Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және tiltanu@list.ru электронды мекенжайы бойынша қабылданады.  Байланыс телефондары: 8(7102) 734032; 736113.  Сайт адресі: http://culture.jezkazgan.gov.kz

 

 

«Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ