ГУ "Отдел культуры и развития языков"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Новости «Ақсақ құлан». Кетбұқа би атындағы І халықаралық күйшілер конкурсы  

«Ақсақ құлан». Кетбұқа би атындағы І халықаралық күйшілер конкурсы  

15 мая 2019

  1. Жалпы ережелер

 

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен, Жезқазған қаласының әкімдігі, Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айында Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында «Ақсақ құлан» Кетбұқа би атындағы  І халықаралық  күйшілер конкурсын (әрі қарай – Конкурс) өткізеді.

  1. Конкурс өткізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ақсақ құлан» Кетбұқа би атындағы күйшілер конкурсының тәртібі мен шарттарын айқындайды.
  2. Конкурс халқымыздың күйшілік мәдениетінің тарихын ұлықтауға, күйшілік дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу арқылы халықтық аспапты музыка өнерінің төл туындыларын насихаттауға және халқымыздың тарихи тұлғасы Кетбұқа бидің күйшілік мұрасын жаңғыртуға бағытталған.

 

  1. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері

 

1) Кетбұқа би мұрасын және тарихи күйлерді кеңінен насихаттау;

2) Дарынды жас өнерпаздарды анықтау;

3) Дәстүрлі орындаушылықты сақтау;

4) Күй мәдениеті арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

5) Қазақ күйлерін халықаралық деңгейде насихаттау.

 

  1. Конкурсты өткізудің тәртібі және шарттары

 

  1. Конкурс екі кезеңнен тұрады. Конкурсты тыңдауға, жазып алуға ынталанған қауымға рұхсат етіледі. Үміткер әр кезеңдегі шығармаларды жатқа орындайды. Бір кезеңде орындалған шығармасы келесі кезеңде қайталанбайды. Үміткерге күйлерді домбыра, қобыз, дутар, комуз және басқа да ішекті-шертпелі аспаптарда орындауына болады.
  2. Сайыскерлер 1-2 кезеңде міндетті түрде жатқа орындалар 8 күйінің тізімін ұсынады.
  3. Конкурсқа Қазақстан Республикасының 16 мен 45 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады. Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай т.б. мемлекеттерден қатысамын деген талапкерлерге де шектеу қойылмайды.
  4. Қатысушылардың, жетекшілердің барып - қайту жол шығындарын жолдама берген, ал олардың жатын орны мен тамағын конкурс өткізетін жақ көтереді. Келесі кезеңге өтпеген қатысушылар барлық шығынды өз есебінен атқарады.
  5. Конкурсқа қатысу үшін облыстық мәдениет басқармалары, қалалық және аудандық мәдениет бөлімдері, концерттік ұйымдардың дирекциясы мен көркемдік кеңесінің, мәдениет, өнер оқу орындары педагогикалық кеңестерінің ұсынымдары болуы керек. Шетелдіктер үшін құжаттар ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде толтырылады. Ұсыныстарға төмендегідей құжаттар қоса беріледі:

1) Тууы туралы немесе жеке куәлік көшірмесі (Эл.нұсқада);

2) Шығармашылық мінездеме (ұстазының, концертмейстерінің аты-жөні, әр кезеңде орындалатын шығармалар тізімі көрсетілуі тиіс) (Эл.нұсқада);

3) 13 х 18 см көлеміндегі 1 дана түрлі - түсті фотосурет (Эл.нұсқада);

  1. Құжаттар 2019 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде мына мекен-жайға жіберілуі тиіс:

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,Алаш көшесі 1, Байланыс телефондары мен электрондық адресі: 8(7102)73-40-32, 73-61-13 tiltanu@list.ru

 

  1. Ұйымдастыру комитеті

 

  1. Жезқазған қаласының әкімдігі конкурсты өткізу бойынша Ұйымдастыру комитетінің құрамын бекітеді.
  2. Ұйымдастыру комитеті мемлекеттік органдар мен конкурсты өткізуге қатысушы мәдениет ұйымдары өкілдерінен құралады. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық бастамамен жүзеге асырады.
  3. Ұйымдастыру комитеті конкурсты дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады.
  4. Ұйымдастыру комитеті жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.

14.Ұйымдастыру комитеті Конкурсты дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.

 

  1. Конкурстың қазылар алқасы

 

  1. Конкурстың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдерінен, мәдениет және өнердің көрнекті қайраткерлерінен құралады және Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бұйрығымен бекітіледі.
  2. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта талқылауға жатпайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді және оның барлық мүшелері қол қояды.
  3. Дауыстар тең бөлінген жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
  4. Қазылар алқасы жүлделі орындарды бермеуге немесе үміткерлер арасында бөлуге құқылы.
  5. Қазылар алқасы мүшесінің конкурсқа қатысуға құқығы жоқ.
  6. Конкурс жеңімпаздарына төмендегідей жүлделер тағайындалады:

1) асқан шеберлік танытқан ең үздік орындаушыға Кетбұқа би атындағы бас жүлде (Гран при) – 1 миллион теңге  және лауреат атағы;

2) бір бірінші жүлде – 700 мың теңге және лауреат атағы;

3) екі екінші жүлде - 500 мың теңгеден және лауреат атағы;

4) екі үшінші жүлде – 300 мың теңгеден және лауреат атағы;

5) үш ынталандыру сыйлығы – 100 мың теңгеден және дипломант атағы.

 

Байланыс телефон:

8(7102) 73-40-32, 73-61-13

          Сайт  адресі: http://culture.jezkazgan.gov.kz

 

Конкурстық бағдарлама

 

                                            Орындалатын  шығармалар

 

І кезең

  1. Ақсақ құланның қашқаны                   Б.Саятөлеков нұсқасы
  2. Кет Буканын куусү.                               Р.Жумабаев нұсқасы
  3. Сауға.                                                    Т.Әсемқұлов нұсқасы
  4. Ақсақ құлан-Жошыхан.                         Н.Жәлімбетов нұсқасы
  5. Тарихи күй (қалауы бойынша)

 

ІІ кезең

  1. Ақсақ құлан сарыны.                             М.Өскінбаев нұсқасы.
  2. Естірту.                                                    М.Өскінбаев нұсқасы
  3. Айдахармен арбасу.                                М.Өскінбаев нұсқасы
  4. Ақсақ құлан (екінші тарауы).            Н.Тілендиев нұсқасы.
  5. Жаңа заман күйі (қалауы бойынша)

                                              

          Ескертпе: Бұл күйлердің орындалуы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен шыққан «Кетбұқа бидің күй мұрасы, Ақсақ құлан» (құрастырушы Ж.Жүзбай) жинағындағы нұсқаға сәйкес келуі құпталады. Сонымен қатар оркестрде орындалған нұсқаларына да рұхсат етіледі. Күйлердің ноталары мен аудиожазбалары жөнінде  автор Ж.Жүзбайдың байланыс телефоны: 87051641761, 87015981187          100-bai@mail.ru