ГУ "Отдел культуры и развития языков"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Новости Сауапты істен құр қалмады

Сауапты істен құр қалмады

27 марта 2019

Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Түнерген көктің қабағы ашылып, тау еңсесін тіктеп, дала бауырын жазып, сай-сала, бөктер-белді жылымық аралап, ауыл, қаланың аулалары мен көшелеріне көктем хабары жетіп, Жаңа күн де жетті. Жезқазған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында  Маруа Құлұшева атындағы балалар үйінің  тәрбиеленіп жатқан жасөспірім балаларды Наурыз мерекесімен құттықтап, тәтті базарлықтарын беріп қуантып қайтты. Сонымен қатар, Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармония әншілері балалар үйінің қызметкерлеріне және бүлдіршендеріне ән шумақтарын тарту етіп, мерекелік кеш сыйлады.